Текст песни Сәкен Қалымов — Күлерсің дағы жыларсың жыларсың дағы шыдарсың
. Махаббат деген қандайды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды.
Ғашықсыз өмір өмір ме?
Егілме, жаным, егілме,
Көктегі күнге қол созған
Не дерсің мынау, не дерсің мынау көңілге?!
Күлерсің дағы жыларсың
Жыларсың дағы шыдарсың
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен, жаным-ау кімнен сұрарсың?